Қызылорда полицейлері азаматтарға маска таратты

Пандемиямен күреске билік барлық күшті жұмылдырып жатыр. Солардың бірі – полиция қызметкерлері.

Облыстық полиция басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп Dalatex серіктестігінің қолдауымен тұрғындарға 3000 маска таратты.

Акцияға қалалық жастар орталығының волонтерлары да қатысты.