Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

1 тамыздан бері елімізде пневмониядан 86 адам қайтыс болды

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 1 799 жаңа дерегі және 17 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан бері барлығы 8 054 пациент коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония жұқтырған, 86 өлім жағдайы тіркелді, — деп хабарлады комиссия.

Бұған дейін ведомствоаралық комиссия Қазақстандағы коронавирус инфекциясы ахуалы туралы ақпаратты жариялады. Елімізде COVID-19 инфекциясын барлығы  94 882 адам жұқтырды.