Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 1 158 жаңа дерегі тіркелді. Оның ішінде 603 науқастың ауру белгілері бар, 555 науқастың симптомы болмаған.
Жаңа дерек тағы да Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шығыс Қазақстан облысында көп тіркеліп отыр.
Ал Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған ең аз — 5 науқас тіркелді. Мұның алдындағы тәулікте бұл өңірде бірде-бір науқастан COVID-19 табылмап еді.
Өңірлерде жалпы және бір тәулікте тіркелген дерек саны:
Алматыда — 12 464 (+178);
Нұр-Сұлтанда -11 924 (+220);
Атырау облысында — 10 383 (+35);
Қарағанды облысында — 8 896 (+90);
Шығыс Қазақстан облысында — 6 734 (+124);
Батыс Қазақстан облысында — 5 990 (+61);
Шымкентте — 5 011 (+31);
Алматы облысында — 4 491 (+52);
Жамбыл облысында — 3 683 (+47);
Павлодар облысында — 3 359 (+67);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 273 (+51);
Қызылорда облысында — 3 068 (+42);
Ақтөбе облысында — 3 061 (+5);
Маңғыстау облысында — 2 965 (+25);
Қостанай облысында — 2 853 (+57);
Түркістан облысында — 2 852 (+17);
Ақмола облысында — 2 813 (+56).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 93 820-ға жетті. Коронавирустан 1 058 адам қайтыс болды.
