Басты бетҚоғамПраймериз арқылы...

Праймериз арқылы ұлтқа мінезбен қызмет ететін көшбасшыларды іріктеу керек – мәслихат депутаты

Бүгін саясаттанушылар мен қоғам белсенділері, сондай-ақ Nur Otan партиясының өкілдері zoom-конференцияға қатысты. Конференция «Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай. Nur Otan партиясының праймеризі елімізде жволюциялық өгерістер жасауға бағыт» деген тақырыпта өтті. Онлайн жиында Қатон-Қарағайдың мәслихат депутаты Тимур Смағұлов аймақтағы біраз проблеманы атады.

Біздің аймақ шекаралас аудан болғаннан кейін бірқатар проблема бар. Оның бірі – интернет сапасы мен ұялы байланыстың нашарлығы, екіншісі — жол мәселесі. ХХІ ғасырда өмір сүргенмен қарапайым байланыс құралдары әлсіреп тұр, — дейді ол.

Тимур Смағұлов тек шығыс емес, кез келген өңірдің мәселесін шешу үшін білімді әрі мінезді жастарды сапқа қосатын уақыт жеткенін айтты.

Жастар аудандық деңгейде праймериздің өтетінін біледі. Қатысамын дегендер де бар. Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден». Сондықтан ұлтына мінезімен қызмет ететін жастарды іріктеп алу үшін жағдай жасау керек. Шалғайда көшбасшылық қасиеті бұғып жатқан жастар көп, — дейді Тимур Смағұлов.

Еске салайық, Nur Otan партиясының праймеризі биыл тамыз айында басталып, қазанға дейін жалғасады.

Айта кетейік,  zoom-конференцияға Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Нұр-Сұлтаннан белгілі журналистер, саясаттанушылар, блогерлер, қоғам белсенділері қатысты. Конференцияны белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров жүргізді.