Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Қостанай, Павлодар облыстарындағы 2 орман өртін және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 3 өртті комитет бақылап отыр.
Өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құрғақ шөп өрті жойылды. Аталған өңірлерде дала өртінің жалпы ауданы — 3 537 гектар, оның ішінде Ақтөбе облысындағы дала өртінің ауданы айтарлықтай үлкен — 2 000 гектар, Батыс Қазақстан облысында — 1 394 гектар, — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменттері, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.