Әнуар Жұмаділдаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Әнуар Жұмаділдаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алкоголь, темекі және акциздеуге жататын басқа да өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы болып қызмет етті.

2009 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасы лауазымына ауыстырылды.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетін және Қаржылық бақылау комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.