Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстағанын растайды, — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік еткен.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.