Басты бетҚоғамЖастар Жетісу...

Жастар Жетісу табиғатын көрсете отырып домбыраны насихаттады

Бұл бейнебаян — төл өнерді насихаттаудағы бірегей бастама. Жетісу жерінің дарабозы, атақты күйші Нұрғиса Тілендиевтің туындысын елімізге танымал өнерпаздар орындады. Олар — Ержан Есіркепұлы — күйші, «Ұлытау» тобының экс-солисі, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының солисі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері. Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров — күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері, Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты. Рүстем Наурызов — «Қазақ өнерінің қайраткері», Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің ұстазы, күйші, сазгер, бірнеше мемлекеттік дәрежедегі байқаулардың жүлдегері. Ұшқын Жамалбек — әнші, «Алашұлы» тобының экс-солисі, сазгер, күйші.

Бейнебаянда Алматы облысының Көлсай, Қайынды көлдері, Айғайқұм, Шарын шатқалы сияқты көрікті жерлерінде домбырашылардың «Әлқисса» күйін орындағаны көрсетіледі.