Әсем Нүсіпова — Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы

Мемлекет басшысының өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, — делінген Ақорданың сайтында.

Ботагөз Жақселекованың орнына ведомствоның жауапты хатшысы болып Әсем Нүсіпова тағайындалды.

Әсем Нүсіпова
Әсем Нүсіпова. Фото: ШҚО коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысының өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.

Әсем Нүсіпова 2016-19 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2008-16 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, 2006-08 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі болды.