Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов екі орынбасарын қызметінен босатты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі Instagram-да хабарлады. Бірақ олардың не себепті қызметінен босатылғаны жазылмаған.

Шымкент әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ербол Садыр Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып 2019 жылдың тамызында тағайындалған.

Ербол Садыр
Фото: Otyrar.kz

Ал Алмасбек Мамытбеков биыл ақпанда әкім орынбасары болды.

Алмасбек Мамытбеков
Фото: Otyrar.kz