Оның ішінде 870 науқастың ауру белгісі бар. Ал 656 науқастан коронавирус анықталғанымен ешқандай симптомы байқалмаған.

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар Алматыда (253), Нұр-Сұлтанда (250) және Шығыс Қазақстан облысында (179) көп анықталды. Ал Ақтөбе облысында ең аз науқас тіркелді. Мұнда 11 адамнан COVID-19 табылды.

Өңірлерде бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда — 253;
Нұр-Сұлтанда — 250;
Атырау облысында — 65;
Қарағанды облысында — 118;
Шығыс Қазақстан облысында — 179;
Батыс Қазақстан облысында — 86;
Шымкентте — 25;
Алматы облысында — 85;
Жамбыл облысында — 51;
Ақтөбе облысында — 11;
Павлодар облысында — 57;
Солтүстік Қазақстан облысында — 70;
Қызылорда облысында — 69;
Маңғыстау облысында — 44;
Түркістан облысында — 48;
Ақмола облысында — 52;
Қостанай облысында — 63.

Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны

Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Ал елімізде COVID-19  барлығы 84 648 адамнан анықталды:

Алматыда — 10 965;
Нұр-Сұлтанда — 10 320;
Атырау облысында — 10 053;
Қарағанды облысында — 8 176;
Шығыс Қазақстан облысында — 5 671;
Батыс Қазақстан облысында — 5 480;
Шымкентте — 4 733;
Алматы облысында — 4 115;
Жамбыл облысында — 3 339;
Ақтөбе облысында — 2 958;
Павлодар облысында — 2 937;
Солтүстік Қазақстан облысында — 2 849;
Қызылорда облысында — 2 807;
Маңғыстау облысында — 2 743;
Түркістан облысында — 2 663;
Ақмола облысында — 2 422;
Қостанай облысында — 2 417.

Аурудан жазылған пациент саны

Бір тәулікте 1 833 адам коронавирустан айықты. Бұл өткен тәулікпен салыстырғанда 1 085 адамға көп, Қазақстанда барлығы 52 571 адам COVID-19-дан жазылып шықты.

Қайтыс болғандар саны

Коронавирус инфекциясынан 610 адам қайтыс болды. Алайда ресми статистикада 585 науқас деп көрсетілген. Өйткені инфекция жұқтырып, қайтыс болғандар туралы дерек аптасына бір рет беріліп жүр.