Осыны ескере отырып, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар жолданып, қолдау тапты.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың төртінші тоқсанында өңдеуге өткізілген күріш тоннасына субсидия төленеді. Субсидия нормасы Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылдың 18 маусымындағы №56 «Басым дақылдардың тiзбесін және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, өңдеуге өткізілген күріштің әр тоннасына 3500 теңгеден белгіленді,- делінген ауыл шаруашылығы басқармасының таратқан хабарламасында.
Қазіргі уақытта Qoldau.kz порталына субсидия нормалары мен бұйрықтарды енгізу, жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылғы шілденің 20-сынан бастап «Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдер Qoldau.kz порталы арқылы қабылданады.