Бағдарлама аясында әлеуметтік-мәдени объектілерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу бойынша жұмыс орындарын құру арқылы жүргізіледі.
2020 жылы бағдарлама аясында Қызылорда облысында 276 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта оның 275-і іске асып жатыр.
Жоба аясында 9 299 жұмыс орнын ашуды көздеген жобалар бойынша қазіргі таңда 6 718 жұмыс орны құрылды:
— Қызылордада 98 жоба бойынша жұмыс басталып, 2 724 азамат жұмыспен қамтылды;
— Арал ауданында барлығы 16 жоба жоспарланды, нақты жұмысқа орналасқандардың саны — 505 азамат;
— Қазалы ауданында 42 жобаның 41-і басталды. Нақты жұмысқа орналасқандардың саны — 1059 адам.
— Қармақшы ауданында 29 жоба бойынша жұмыс басталып, 163 азамат жұмыспен қамтылды;
— Жалағаш ауданында 18 жобаның барлығы басталып, 539 азамат жұмысқа қабылданды;
— Сырдария ауданында 18 жоба қолға алынып, 321 азамат жұмысқа қабылданды.
— Шиелі ауданында барлық 21 жоба бойынша жұмыс басталды. 649 азамат жаңа жұмыс орындарына қабылданды;
— Жаңақорған ауданында 23 жоба жүріп жатыр, 539 азамат жұмысқа қабылданды.
Қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы үшін барлық аудан мен Қызылордада мобильдік рекруттік пункттер құрылды.