Бүгін Қызылорда облысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Ресей Федерациясынан медициналық гуманитарлық көмек келіп жетті. Бас-аяғы 412 қорап болатын гуманитарлық көмектің ішінде қорғаныш құралдары мен дәрілік препараттар бар. Барлық түскен көмек облыстың денсаулық сақтау мекемелері арасында бөлініп, таратылады.
Айта кетейік, бұл — Қызылорда облысына келген төртінші гуманитарлық көмек. Бұған дейін Қытайдан алты түрлі қорғаныш құралы жеткізілген. Өзбекстаннан келген медицина мамандары күнделікті қолданатын 120 мың қолғап, 50 мыңдай бетперде өңірдегі емхана, ауруханаларға таратылды. Түркиядан Қазақстанға берілген 30 өкпені жасанды желдету аппаратының 10-ы Қызылорда облысына берілді. Аппараттың үшеуі облыстық фтизиопульмонология орталығына берілді. Ал қалған жетеуі өңірдегі өзге ауруханаларға жеткізілді.