№3 қалалық емханада 64800 азаматқа қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 21 мыңы — балалар, мыңнан астамы — жүкті әйелдер. Эпидахуалға байланысты төрт мобильді топ құрылған. Қазіргі таңда үй карантинінде симптомсыз және жеңіл түрімен бақыланатын адамдар саны 139 болды, 19-ы қалып отыр. Стационардан емделіп шыққандар — 102 науқас, 16-17 науқасты бақылауды қажет етіп отыр.
Тегін медициналық кепілдірілген көмек шеңберіңде 35 нозологияға тегін беріледі. МӘМС бойынша балаларға 64, ересектерге 41 нозология беріледі. Маусым айының соңғы онкүндігінен бастап пневмония диагнозымен келген науқастар көбейді. Пневмония бойынша 240 науқас тіркелген. 64800 адамға қызмет көрсетуге мамандардың 90%-і жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 11-і декреттік демалыста, сондықтан дәрігерлер жетіспейді. Оның үстіне еңбекке жарамсыз жүргендер, ақысыз демалыстағы мамандар бар. Орта буын қызметкерлер жеткілікті.
Бүгіннен бастап пневмония диагнозымен үйде ауырған науқастарға күндізгі стационар ашылды. Дәрілер диагноз дәлелденген, нақтыланған жағдайда ғана дәрігердің жолдамасымен беріледі. Антибиотиктер жеткілікті.
Бүгін төрт дәріханаға: Ansar (Желтоқсан 24 А), «Артемида» (Желтоқсан, 26). Europharma (А.Байтұрсынов, 64), ЖШС «Фармпровайд» (Абай даңғылы, 16) мониторинг жүргізілді.
Бүгін Қызылорда облысында мониторинг тобы №3 емхана мен төрт дәріханаға зерделеу жұмысын жүргізді.
Мониторинг кезінде анықталғандай, ешбір дәріханада өткен апталармен салыстырғанда ұзын-сонар кезек жоқ. Дәрі-дәрмектер қатары толыққан. Бірақ бүгінгі таңда сұранысқа ие дәрілік препараттардың (дисоль, ацесоль, трисоль) жоқтығы байқалады. Дәріхана өкілдерінің айтуынша, жақын арада оларға берілген өтінімдерге сәйкес қажет дәрі-дәрмек түседі.
Мониторинг тобының жұмысы кезінде дәрі-дәрмек бағалары белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан қымбат сату анықталмады.