Әсел Жанасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматыда туған.
2010 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін Executive Management бағдарламасы бойынша бітірген.
2010 жылдан 2014 жыл аралығында Лондондағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры болып еңбек етті.
2014-16 жылдары аралығында ҚР Ұлттық банкінің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары, 2016-17 жылдары «Зерде» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы, 2017-18 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі болды.