Аймақ басшысы Ғани Мұратбаев, 76 мекенжайындағы Europharma, «Шұғыла» ықшам ауданы, 19 мекенжайындағы «Доктор плюс», Яссауи, 24Б мекенжайындағы Farmcity дәріханаларына арнайы барып, вирусты емдеуге қажет препараттардың бар-жоғын нақтылады. Дәрі іздеп келген қала тұрғындарымен сөйлесіп, мәселелерін тыңдады. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта көбіне «Дексаметазон», «Ингавирин» сияқты дәрілер мен дәрумендердің, дене қызуын өлшейтін құрылғылар тапшы.
Осыған байланысты Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен дәріхана иелеріне тез арада дистрибьюторлармен байланысқа шығып, мәселені шешуді тапсырды.
Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімдігі кәсіпкерлермен қажет дәрі-дәрмек алу жөнінде келісім жасаған. Қазіргі уақытта дәрілер ірі дәріхана желілеріне жеткізіле бастады.