Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтының хабарлауынша, жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мәлімет беріледі. Осылайша пандемия кезінде ешқандай байланысқа түспей, құрбандықты қашықтан шалуға мүмкіндік жасалады.
Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техника жағынан бақылау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қорына тапсырылды, — деп хабарлады басқарма.
Сайттың тағы бір артықшылығы — мұнда құрбандыққа шалынатын төрт түлік бағасымен қоса көрсетіледі. Сол жерден қажет малды таңдап, тапсырыс беруге болады. Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа, мұқтаж жандарға үлестіріледі.
Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілдеге келіп тұр. Бұл күні Қазақстан азаматтары демалады.