Шілдеде қанша күн демаламыз?

Биыл шілдеде екі мейрам бар: Астана күні және Құрбан айт мерекесі.

Сенбі және жексенбі күндерін санамағанда қазақстандықтар 6 шілдеде демалады. Астана күні дүйсенбіге түскендіктен қазақстандықтар биыл үш күн қатарынан демалады.

31 шілде — Құрбан айт мейрамы да жұмаға түскендіктен қазақстандықтар тағы да үш күн қатарынан демалады.