Басты бетҚоғамҚызылорда жастары...

Қызылорда жастары мұқтаждарға қажет дәрі-дәрмекті таратып жатыр

Орталықтың бөлім басшысы, қайырымдылықты үйлестіруге көмектесіп жүрген Сымбат Әбдрахманова қазірдің өзінде 100-ден аса тұрғынға қажет препарат таратылғанын айтты.

Кеңпейілді кемімес. Қазір Сыр жастары, еріктілер қолынан келгенше көмекке келіп жатыр. Бүгін де олар қайырымдылық шараларының басы-қасынан табылды. Бірі ауруханаларға қажет оттегі баллондарын тасымалдады, енді бірі мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек жеткізуге кірісті. Орталықтағы әлеуметтік дүкеннің ашылғанына көп бола қойған жоқ. Алайда осы бастаманың, жомарт жандардың көмегінің нәтижесінде біраз жұмыс атқардық. Мейірімділік шарасы әлі де жалғасын табады. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» дейді. Дегенмен біз әлеуметтік желідегі орталық парақшасына көрсетілген көмекті жариялап жүрміз. Мақсат — тұрғындардың толассыз қолдауы арқылы өзге жандарға ой салу. Барлығымыздың да қолымыздан көмектесу келетінін көрсету. Тек материалдық тұрғыда емес, мораль тұрғысынан да. «Жақсы іс, әрбір жылы сөз — жанға қуат» деп білеміз, – дейді ол.

Бұған қоса, орталық жанынан осы көмекті тікелей жеткізуге атсалысатын автоволонтерлар қозғалысы құрылды. Бүгінге дейін 20-ға жуық тұрғын өз еркімен тіркеліп, жақсылыққа жұмылған. Қорға қажет дәрі-дәрмектерді әкеліп өткізу қиындық тудырса немесе хабарласқан азаматтың жағдайына байланысты дәрі-дәрмекті тікелей жеткізу қажет болса, автоволонтерлар оны өз көлігімен тасымалдайды.

«Квант» ЖШС мекемесінен орталық автобусымен ауруханаларға оттегі баллондарын жеткізу жұмысы да қарқынды жүріп жатыр. Облыстық жұқпалы аурулар, теміржол, облыстық өкпе аурулар ауруханасына және «Қорқыт ата» атындағы ҚМУ-нің жатақханасының ашылған провизорлық станцинарына барлығы 42 оттегі баллоны жеткізілді.

Бұған қоса, орталықта психология қызметінің желісі іске қосылған. Ахуалдан қажыған тұрғын хабарласып, психолог көмегіне тегін жүгіне алады.

Орталықтың бөлім басшысы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, психолог Сымбат Әбдрахманованың бастамасымен вебинар өткізу қолға алынды. Онлайн шараны БҰҰ ұлттық тренері, орталықтың волонтері Жұлдыз Төрәліқызы жүргізіп, 60-қа жуық қатысушының сауалына жауап берді.

психология орталығы