Сымбат Әбдірахманова Президент мәлімдемесіне үн қосты

Психолог, аудармашы, "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Сымбат Әбдрахманова
Фото жеке архивінен

Сымбат Әбдірахманованың пікірінше, Президент мәлімдемесінде халықтың көкейіндегі маңызды сауалдарға жауап бар.

«Бүгін ел Президенті төтенше жағдайға байланысты халыққа мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде халықтың қазіргі психологиялық, материалдық, экономикалық жағдайы сипатталған. Әрбір жағдайға байланысты толығырақ тоқталып өтіп, шешу жолдары қарастырылып жатқанын айтты. Бұл мәлімдеме халықтың көкейіндегі біраз сұраққа жауап берді. Себебі осы сұрақтармен күнделікті call-орталықтағы жұмыста да кездесіп жататынымыз рас», — деді ол.

Психолог сала мамандарының төтенше жағдай кезінде халықтың амандығы үшін төккен еңбегінің ерекше екенін айтты.

Біздің амандығымыз үшін дезинфекция жүргізіліп, үйден жұмыс істеуімізге жағдай жасады. Жұмыссыз қалған азаматтарға қаржылай, азық-түліпен көмек беріліп жатыр. Бұл көмектерді жаңалықтардан, әлеуметтік желілерден көріп отырмыз. Президентіміз айтып өткендей, адам өмірінен артық ешнәрсе жоқ. Таразының бір жағында өзіміздің, жақындарымыздың өмірі тұрғанда, екінші жағына ешқандай қауіпті қоймай, карантин уақытын аман-есен аяқтап, жақындарымызбен қауышайық, — деді Сымбат Әбдірахманова.