Басты бетҚоғамДенсаулық сақтау...

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті

Құрметті достар! Бүгін менің Денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не өтпейді. Хош, — деп жазды ол.

Диас Ахметшәріп журналистерге, Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестеріне, дәрігерлерге алғыс айтты.

Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар! Артық кеткен кездерім болса — кешірім сұраймын!!!! Барлық еңбегім — тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық. Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, — деп жазды Диас Ахметшәріп.