Мемлекет басшысы дәрігерлерге алғыс білдірді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында есеп берді.

Кореяның Medical Partners Korea медицина компаниясының басшылары Ким Даёнг пен Мин Хисук Қазақстан Президентіне мобильді лабораторияның мүмкіндігі мен Drive-through жүйесі бойынша сынама алудағы тәжірибелері туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесіп, оларға қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

Пандемия — шын мәніндегі соғыс. Бүкіл дүниежүзі пандемияға қарсы соғыс жариялады. Француздарда «соғыстың аты соғыс» деген сөз бар. Біз жұдырықтай жұмылсақ, пандемияны жеңе аламыз, — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, медицина
Фото: Akorda.kz

Сонымен бірге Мемлекет басшысы Орталық қызметкерлерін 12 мамырда атап өтілетін Халықаралық медбикелер күнімен құттықтады.