Басты бетҚоғамҚызылордада дәріні...

Қызылордада дәріні заңсыз сатудың 23 дерегі тіркелді

Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерболат Төреахметов мәлімдеді.

Аймақта «Дексаметазон» дәрілік препаратының (инъекцияға арналған ерітінді) бір ампуласы 1500 теңгеден сатылған. Қазіргі таңда бұл дәрі-дәрмектің тегін берілуге жататыны немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру жүргізіліп жатыр, — деді Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тергеу басқармасының басшысы Ардақ Биғалиев.

Бұған қоса, облыс дәріханаларының бірінде Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәріні сату фактісі анықталды.

«Осельтамивир-Акрихи» — вирусқа қарсы препарат. Департамент қызметкерлері жасырын сатып алушы ретінде дәріханаға барып, тексеру жүргізді. Тексеру кезінде сатып алынған дәрінің бір қорабы 8521 теңгеден, жалпы сомасы 25563 теңге болды. Бұл факт тіркеу кітабына еніп, жинақталған материал облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді, — деді Ардақ Биғалиев.