Басты бетМедицина"Мәңгі батыр...

«Мәңгі батыр болып қалады». Алексей Цой қайтыс болған әріптестері туралы

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Менің әріптестерім — дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай — біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады, — деді Алексей Цой.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Қазақстан азаматтарын пандемиямен күресуге қолдан келгенше көмектесуге үндеді.

Біз біргеміз, пандемияны жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып жеңе алатынымызға сенімдімін, — деді Алексей Цой.

Бүгін, 13 шілде – коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу – жалпыұлттық аза тұту күні.

Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де Қазақстанда бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 375-ке жетті.