Бүгін ауруханадан шықтым. Мені қолдаған барлық адамға, әсіресе жерлестеріме, достарым мен жақындарыма алғысымды айтамын, — деп жазды әкім.
Амандық Баталов осындай кезеңде дәрігерлердің еңбегі зор екенін айтты.
Дәрігерлерге ерен еңбегі үшін ерекше алғыс. Дәл қазір біраз адамның өмірі солардың қолында тұр. Енді жұмысқа кірісемін. Барлық қиындықты бірігіп қана өткереміз. Сақ болыңыздар, — деді Алматы облысының әкімі.
22 маусымда Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны анықталған. Кейін әкімнің Нұр-Cұлтандағы кордиология орталығында емделіп жатқаны хабарланған еді.
