Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз, — деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Қасым-Жомарт Тоқаев игерілмей жатқан 7 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылғанын айтты.
Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнама тұрғысынан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек, — деді Мемлекет басшысы.