Басты бетҚоғамҚайрат Баймұхамбетовтің...

Қайрат Баймұхамбетовтің өліміне пневмония себеп болды

Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Коронавирусқа жасалған тест теріс нәтиже көрсетті, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болды, пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде қайтыс болды. Иманды болсын, — деп жазды Амандық Баталов Facebook-тегі парақшасында.

Қайрат Баймұхамбетовтің қазасы бүгін, 10 шілдеде белгілі болды. Ол 2019 жылдан бастап Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.