Синоптиктер алдағы 3 тәулікте Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігіне Ираннан жылы және құрғақ ауа массалары келіп жатыр, ол жауын-шашынсыз, ыстық ауа райына себеп болады. Енді бұл құрғақ ауа массалары біртіндеп Ақтөбе және Қостанай облыстарына да әсер етеді.
Алайда еліміздің шығысында ауа райына құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, дауыл соғады, екпіні күшті жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.