Енді Қызылордада дәрі-дәрмекке мониторинг күн сайын жүргізіледі

Фармацевтика қызметін жүзеге асыру бойынша коронавирус инфекциясын және жедел респираторлы вирус ауруының алдын алу және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаулы қабылданып, бүгіннен бастап күшіне енеді. Мониторингтік топ дәріхана ұйымдарында, амбулаториялық-емханалық көмек беретін медицина ұйымдарында, инфекциялық, провизор және карантин стационарларында дәрілік заттардың болуын қадағалап, күн сайын мониторинг жүргізеді, — деді Әлия Әбдіқайымова.

Дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 8 (7242) 40-00-01 телефон нөмірі бірыңғай сall-орталық болып белгіленген.