Басты бетЖаңалықтарАмандық Баталов...

Амандық Баталов Нұр-Cұлтанда коронавирустан емделіп жатыр

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн брифингіде айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.

Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлынан коронавирус 3 апта бұрын анықталды. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиология орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады, — деді ол.

Батыржан Байжұмановтың айтуынша, қазіргі уақытта Амандық Баталовтың жағдайы жақсы.

Ол онда ем алып жатыр, жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сол себепті жақын арада жазылып, жұмысқа кіріседі, — деді Батыржан Байжұманов.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда белгілі болды.