Алексей Цойдың айтуынша, коронавирусқа бөлінген жалпы соманың 40 миллиард 58 миллион теңгесі Үкімет резервінен бөлінді.
Нақты 21 миллиард 184 миллионға жеке қорғаныс құралдары, 2 миллиард 30 миллионға дәрі-дәрмек, медицина құралдары алынды. Зертхана жабдығы мен коронавирус анықтайтын сараптаманы сатып алуға 2,5 миллиард бөлінді. Коронавирусты анықтауға арналған реагент жиынтығын жасау және шығару бойынша қызметтерді сатып алуға 100 миллион теңге жұмсалды. ПТР әдісімен зертхана зерттеулерін ұсыну қызметтері үшін 13,7 миллиард, жедел жәрдем көліктеріне жабдықтауға арналған отандық желдеткіш аппараттарын сатып алуға 310 миллион, азаматтарды эвакуациялауға 131 миллион бөлінді. Республика бюджетінен 74 миллиард теңге бөлінді. Инфекция, провизор және карантин стационарларындағы медицина қызметтеріне 19,5 миллиард, Карантин іс-шараларын өткізуге тартылған қызметкерлерді ынталандыруға 40,4 миллиард. Инфекция жұқтырғандарды орналастыру үшін тез салынатын үш кешен тұрғызуға 14,8 миллриад теңге бөлінді, — деді Денсаулық сақтау министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде.
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 109 науқас тіркелді.
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғаны расталған 49 683 науқас тіркелді. Бүгінге дейін коронавирустан 16 183 адам айықты, 264 пациент қайтыс болды.