Коронавирус жұқтырған Елжан Біртановтың жағдайы қалай?

Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекция стационарынан шығарылды. Қазір амбулаториядағы емін жалғастырып жатыр, — деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

14 маусымда Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Ол бұл туралы Facebook-те хабарлады.

Экс министр COVID-19-дың симптомды түрін жұқтыруына байланысты жұқпалы аурулар ауруханасында жатқанын жазды.

25 маусымда Елжан Біртанов Facebook-парақшасында денсаулығына байланысты қызметінен кеткенін хабарлады. Оның орнына Денсаулық сақтау министрі болып Алексей Цой тағайындалды.