Басты бетҚоғамҚызылорда облысы...

Қызылорда облысы әкімі үшемнің ата-анасын құттықтады

Қуаныш Алтынбаев пен Әйгерім Махамбетжанова Қазалы ауданы, Үрмәш Түктібаев ауылында тұрады. 2020 жылы олардың отбасында үшем дүниеге келді.

Өңір басшысының құттықтауы мен сәлемдемесін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев табыстады. Аудан басшысы сәбилердің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деген тілек айтты.
Үшемдердің әжесі Батыр ана Кәмпит Алтынбай облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықоваға алғысын жеткізді.

Айта кетейік, елімізде «Егіздер ауылы» атымен танымал Үрмәш Түктібаев ауылында 23 егіз, екі үшем дүниеге келген.