Басты бетЖаңалықтарҮкімет Ақпарат...

Үкімет Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрін тағайындады

Үкімет Болат Тілеповты Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі етіп тағайындады.

Ол 1978 жылы Кентауда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін саясаттанушы, саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001-2005 жылдары «Стратегия» талдау орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2005-2006 жылдары Алматы әкімі аппаратының Қазақстан халқы кіші ассамблеясы меңгерушісінің міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды.

2008 жылы Алматының Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдан 2013 жылға дейін Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, 2013-2014 жылдары «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы болды.

2014-2015 жылдары Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі болған Ләззат Ақтаева қызметінен кеткенін хабарлаған едік. Оның орнына Ажар Ғиният келді. Марат Шоранов Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болды. Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен өз еркімен кетіп, орнына Алексей Цой тағайындалды.