Басты бетЖаңалықтарДенсаулық сақтау...

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Шоранов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Мұрат Шоранов 1975 жылы Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, академик Бинеш Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының аспирантурасын, Эмори университетінде Роллинс атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін тәмамдаған.

Әр жылдары академик Бинеш Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, Семейдегі Радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері болып қызмет етті.

2006-2008 жылдары академик Бинеш Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы инновациялық бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасарының міндетін атқарушы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. Содан бері мынадай қызметтер атқарды:

  • 2008-2009 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институтының директоры;
  • 2010-2011 жылдары АҚШ-та Эмори университеті клиникасының жобалар менеджері;
  • 2012-2013 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары, экономикалық зерттеулер орталығының басшысы;
  • 2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, «Ұлттық медициналық холдинг» акционер қоғамында, University Medical Center корпоратив қорында басшылық лауазымдар;
  • 2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы;
  • 2019 жылы Нұр-Сұлтандағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
  • 2019 жылғы қыркүйектен бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі болған Ләззат Ақтаева қызметінен кеткенін хабарлаған едік. Оның орнына Ажар Ғиният келді. Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен өз еркімен кетіп, орнына Алексей Цой тағайындалды.