Үкімет қаулысымен Ажар Ғиният Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша, 2007 жылы Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Атыраудағы №2 қалалық емханада учаскелік педиатр болып бастаған. Содан бері мынадай қызметтер атқарған:
- 1994 жылдан 1999 жылға дейін Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі;
- 1999-2001 жылдары Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары;
- 2001-2005 жылдары Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
- 2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры;
- 2008-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.
Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі болған Ләззат Ақтаева қызметінен кеткенін хабарлаған едік. Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен өз еркімен кетіп, орнына Алексей Цой тағайындалды.