Тырнақты қалай күту керек?

Маманның айтуынша, тырнақ астына көп микроб жиналады. Сондықтан оны уақытылы алып, таза ұстау қажет. Кез келген адам айына кем дегенде бір-екі рет тырнақ кутикуласын да алғаны дұрыс. Сонымен бірге айына бір рет парафинотерапия жасау абзал.

Парафин маникюрі — жылумен емдеу әдісі. Ол тырнаққа ғана емес, қол терісіне де пайдалы. Бірақ бұл процедураның қарсы көрсеткіштері бар. Теріде жарақат немесе ірің қабынулары болған жағдайда парафинмен емдеу сеансын жасауға болмайды, — дейді Мадина Мұхидан.

Кейбір адамның тырнағы тез сынады. Тырнақты қатайту мақсатында үй жағдайында да түрлі маска жасауға болады екен.

200 миллилитр суға бір ас қасық тұз, бір ас қасық сода және сусабын қосып, араластыру қажет. Дайын болған сұйықтыққа қолды салып, 15-20 минут ұстау керек. Ал ұйықтар алдында тырнаққа йод жағуға болады. Бұлар тырнақтың тез сынып кетпеуіне, берік болуына көмектеседі, — дейді маман.

Тырнақтың дұрыс өсуіне қандай дәрумендер пайдалы?

А дәрумені — тырнақтың қатаюына көмектеседі. Ол көбіне қызғылт сары көкөністерде кездеседі. Мысалы, жүгері, асқабақ, сәбіз сияқты көкөністерді жеу қажет.

В дәрумені — тырнақтың тез өсуіне, түрінің жақсы болуына әсер етеді. Оны қызанақ, орамжапырақ, бұршақ, ет, жұмыртқа сияқты өнім құрамынан табуға болады.

С дәруменітырнақ түсінің қалыпты және тегіс болуына көмектеседі. Сондықтан лимон, апельсин, мандарин сияқты цитрус жемістерді көбірек жеу керек.

Е дәрумені — тырнақтың өсу процесін жақсартады. Ағзаның заталмасу үдерісіне және көбеюіне әсер етеді. Е витамині көкөністерде, астық тұқымдастардың дәнінде, өсімдік майында және жұмыртқада кездеседі. Адам ағзасы үшін тәулігіне қажет мөлшер — 10-12 миллиграмм.