Басты бетЖаңалықтарҮйде отырмаған...

Үйде отырмаған симптомсыз науқастарға қандай жаза қолданылады?

Оның айтуынша, симптомсыз науқастар анықталғаннан кейін олардан қолхат алынады.

Қолхатта карантин режимін ұстану, өзін өзі оқшаулау сияқты талаптар бар. Оны ескермеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Егер коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі одан басқа біреуге жұққаны анықталса, онда бұл әрекет қылмыстық заңнама бойынша ауруды қасақана жұқтыру дерегі ретінде есептеледі, — деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, қазір вирусы бар адамдар өзін өзі оқшаулап жатыр ма, жоқ па, соны анықтай алатын ақпарат технологиялары бар.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі 10 625 адамнан анықталып отыр.