Дүйсенбіде Қазақстанның қай өңірлерінде жаңбыр жауады?

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі. Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Жамбыл, Павлодар, Ақтөбе облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болады. Жамбыл облысында температура 40 градусқа дейін, Түркістан облысында 41 градусқа дейін көтеріледі.

Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.