Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында бағдарламалар аясында 26 523 адам жұмысқа орналасады

Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, халықты жұмыспен қамту мақсатында 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды.

Жоспарда барлық мемлекеттік, салалық бағдарлама аясында ашылатын жұмыс орындары, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатындар және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ашылатын жұмыс орындары қамтылған. Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша 276 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда оның 248 жобасы бойынша 3 536 адам жұмысқа қабылданды. Оның 2 676-сы жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты, — деді Талғат Дүйсебаев.

Оған қоса, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарына 26 523 адам орналасады деп жоспарланды, оның 5 264-і қазір жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бағдарламаға қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласып, жұмыссыз тұлға ретінде тіркелу қажет.