Мамырда макаронның түтік кеспе (рожки) түрінің бір келісінің республика бойынша орташа бағасы 314,6 теңге болды, өнім бір жылда 16,8% қымбаттаған.

Вермишель 16,2% қымбаттады, келісінің орташа бағасы — 318,1 теңге. Кеспенің (лапша) бір келісі 661 теңге тұрады, баға бір жылда 8,6% өскен, бірақ кеспе бағасы былтырғыдай шарықтап кеткен жоқ, былтырғы мамырда өнім 2018 жылмен салыстырғанда 47% қымбаттаған еді.

макарон

Вермишель мен түтік кеспе еліміз бойынша Ақтауда тым қымбат: вермишельдің келісі бұл өңірде 478 теңгеден, түтік кеспе 520 теңгеден сатылады. Кеспе келісінің бағасы Түркістанда бәрінен жоғары — 772 теңге.

Вермишель мен кеспе бір жыл ішінде Көкшетауда күрт қымбаттаған, алдыңғысының бағасы бірден 31,2% өсіпті. Түтік кеспе бағасы бір жыл ішінде Түркістанда жылдам көтерілген: 32,1%.

макарон

Бағамен бірге макарон, кеспе, кускус пен басқа да ұн өнімдерін өндіру көлемі де артты. Биылғы қаңтар-мамырда өндіріс көлемі 77,6 мың тонна болды, былтырғыдан 15,2% көп.

макарон