Басты бетЖаңалықтарҚұбылмалы ауа...

Құбылмалы ауа райы: Қазақстанның көп облысында жел күшейеді

«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тұман түседі, Қостанай, Ақмола облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық (35-36 градус) болады. Атырау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.