33 жастағы «Батут орталығы» ЖШС директоры Дәурен Тұяқов «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза болуы» бабы бойынша күдікті деп танылып, уақтыша оқшаулағышқа қамалды.
Заңға сәйкес бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру және белгілі бір қызметтен үш жылға дейін аластату жазасы қарастырылған.
Бұған дейін Дәурен Тұяқов «Батут орталығы» қаза болғандардың жерлеуін өткізуге көмектесіп, зардап шегушілерге өтемақы төлейтінін мәлімдеген болатын.
Еске салсақ, 6 қараша күні Almaty Towers бизнес орталығы өртеніп, салдарынан алты адам қаза болған. Олардың дені — сағатына 500 теңгеге жұмыс істеп жүрген студенттер болып шықты.