Қазір Тұңғыш Президент өзін өзі оқшаулап жатыр.
Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясын анықтау үшін кейінгі жасатқан сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.
Бұған дейін коронавирус инфекциясын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли және басқа да саяси қызметкерлер жұқтырған еді. Қазір Үкімет мүшелері өзін өзі оқшаулауға кірісті. Парламент қашықтан жұмыс істеп жатыр.
Қазақстанда демалыс күндері карантин күшейтіледі.