Қай жерде сараптама жасатуға болады?

Коронавирус инфекциясы екі жолмен анықталады: экспресс тестілеу және ПТР сараптамасы. Экспресс тест үшін қан тапсыру керек, екінші әдіс кезінде мұрын қуысы мен жұтқыншақтан биологиялық материал алынады.

Мына зертханаларда тексерілуге болады:

  • «Ұлттық сараптама орталығы» (Жібек жолы көшесі, 3). ПТР сараптамасының құны — 11 500 теңге, әуелі Nce.kz сайтында кезекке тұру керек, байланыс телефоны: 382-35-65;
  • Medical Partners Korea Clinic ЖШС (әл-Фараби даңғылынан төмен, Қазыбаев көшесінен кіруге болады, «Нұрлы тау» бизнес орталығы). Қызмет құны — 15 500 теңге, Mpk.kz сайтында кезекке тұру керек, байланыс телефоны: 355-41-00;
  • «Олимп» клиника-диагностика зертханасы, (Гагарин көшесі, 236 б, Халиуллин көшесі, 32, Байқазов көшесі, 221/155, Жандосов көшесі 1 в, Сейфуллин көшесі, 549) ПТР сараптамасының құны — 15 400 теңге, қан тапсыру — 540 теңге, Kdlolymp.kz сайтында кезекке тұру керек, байланыс телефоны; 259-79-69;
  • «Медикер» ЖШС (Сәтбаев көшесі, 18 а); ПТР сараптамасының құны — 19 000 теңге, Mediker.kz сайтында кезекке тұру керек, байланыс телефоны: 311-51-16.

«Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы аумағындағы жаңа зертхана мына азаматтарды тегін тексереді:

  • жұмыссыздар;
  • әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • стационарға жоспар бойынша жатқызылатын науқастар;
  • тынысалу, асқорыту және жүрек-қанайналым жүйесі бойынша жіті бақылауға алынған 50-ден асқан адамдар.

Инфекция анықталса, не істеу керек?

Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталса, тіркелген емханаға немесе үйден шықпай, «3000-103» нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласу керек.

Ауру белгісі жоқ науқастар үйдегі карантинде бастапқы медицина-санитария көмегінің учаскелік дәрігерлерінің бақылауында болады. Бақылау алгоритмі мынадай:

  • күн сайын екі рет телефон соғу;
  • жалпы жағдайын бағалау, температурасын, шағымын анықтау (жөтел, қиналып дем алуы, әлсіздік, тершеңдік, іш кебуі, бөртпе, миалгия және басқа);
  • сатурация — қанды оттегімен толтыру (мүмкіндігінше)
  • кемінде 3 күнде бір рет видеокеңес беру.

Ауру белгісі жоқ азаматтардың мұрын қуысынан оқшауланудың оныншы күні сынама алынады. ПТР сараптамасының нәтижесі теріс болса, бақылаудан босатылады. Вирустан арылмаған болса, бақылау 14-күнге дейін жалғасады.

Адамның дене қызуы 3 күн бойы 38,5 градус болса, жөтеліп жүрсе, сатурациясы кемінде 95% болса, екі өкпесі де 25%-тен артық қабынса, дем алуы қиындаса, ауруханаға жатқызылады. Ауыр созылмалы аурумен ауыратын 65 жастан асқан адамдар мен гемодиализге мұқтаж және иммун тапшылығы байқалған науқастар да ауруханаға жатқызылады.

COVID-19 белгілері анықталған азаматтар жатақханада немесе созылмалы ауруы бар 65-тен асқан адамдармен бірге тұратын болса, олар да ауруханаға жатқызылуға тиіс.

Коронавирус жұқпаған болса ше?

Сау адамдар коронавирус инфекциясынан сақтану үшін мына талаптарды ескеруі керек:

  • адам көп жиналатын орындардан аулақ жүру;
  • қоғамдық орында, қоғамдық көлікте маска тағу;
  • қолды таза ұстау;
  • әлеуметтік қашықтықты ұстану.

Дәрігерлер коронавирус инфекциясы кеңселерде, мектептерде, балабақшаларда, тамақтану орындары мен басқа да жабық жерлерде көп таралатынын ескертеді.

* * *

Бұл мақала «Qolda» жедел көмек көрсету жобасының аясында «Шеврон» компаниясымен және Орталық Азияның Еуразия Қорымен серіктестікте жасалды. Мақала авторының көзқарасы «Шеврон» компаниясының және Орталық Азияның Еуразия Қорының көзқарасымен сәйкес болмауы мүмкін.