Басты бетҚоғамҚызылорда облысы...

Қызылорда облысы күрішіне шетелден сұраныс көп 

Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Абзал және Компания» толық Серіктестігінің «Элита» бренді күріші Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркменстан, Моңғолия, Ауғанстан, Украина, Тәжікстан және ТМД-ның басқа да елдеріне экспортталады. Кәсіпорын «күріш сапасы» стандарты бойынша ақталған ұсақ күріш өндіреді.

Аймақта сыр маржанын өндейтін ірі зауыттың бірі — Қызылордада орналасқан «Абай Дәулет» серіктестігі. Кореяның қазіргі технолгиясымен жабдықталған кәсіпорынның қуаттығы — сағатына 7-10 тонна. Шығарылған өнімнің 60%-і экспортқа жіберіледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қызылорда облысындағы тамақ өндірісінің 50%-і күріш өңдеумен байланысты. Облыста өндірілетін салыны да жаңа технологиямен өңдеу жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Мысалы, облыс аумағында 45 ірі және 29 кіші зауыт жұмыс істейді. Оның 27-і халықаралық стандарқа сай. Бүгінгі күні барлық кәсіпорынның жылдық қуаттығы — 408,5 мың тонна. Өңірде ауылшаруашылығы саласы бойынша өнім өндіру осы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда екі есе өскен. Экспорт көлемі 31%  ұлғайған.