Базарлар 09.00-ден 16.00-ге дейін, демалыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сауда орталықтары тамақтану және ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Банкет залдарының, бильярд, компьютер орталықтары мен боулинг клубтарының, букмекер кеңселерінің жұмысы тоқтатылды.
Банктер қызметкерлерінің 50%-ін қашықтан жұмыс істеуге көшіруі керек.
Ойын-сауық, той-садақа өткізуге тыйым салынады.
Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің 50%-і қашықтан жұмыс істеуге көшуге тиіс.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн жұмыс істеуі керек, орталық қашықтан көрсетілмейтін қызметтер үшін ғана 10.00-ден 16.00-ге ашық болады.
Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22.00-ге дейін шектелді.