Шомылушыларға:
- суға арақ ішіп немесе есірткі қолданып түсуге;
- суға балаларды қараусыз жіберуге, суда қараусыз қалдыруға;
- қайықтан, айлақтан, арнайы рұқсат етілмеген басқа да жерлерден суға секіруге;
- судың тексерілмеген, жабдықталмаған және «Шомылуға болмайды» белгісі қойылған тұстарына сүңгуге;
- терең жерлерді көрсету үшін қойылған қалтқымалардан ары асуға;
- жүзуге арналмаған нәрселерді суда қолдануға;
- су көліктеріне жақындауға;
- суқойманы ластауға, суда жуынуға, кір жууға;
- жағалауға адам басып кетіп, жарақаттануы мүмкін нәрселерді тастауға;
- жағалауда көлік жууға және жөндеуге
тыйым салынады.