2020 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанның фармацевтика компаниялары 41,9 миллиард теңгенің өнімін өндірді, бұл былтырғы алғашқы 4 айға қарағанда 33,9% көп. Инфляцияны ескергенде нақты өсім 24,2% болды.
Дәрі-дәрмектің 75,7%-і үш өңірде өндірілді: Алматы облысы (11,6 миллиард теңге, бір жылда 3,1% көп), Шымкент (11,4 миллиард теңге, 6,5%) және Алматы (8,8 миллиард теңге, 39,3%). Алматы облысында «АбдиИбахим ГлобалФарм», Kelun-KazPharm, Dolce, Шымкентте «Химфарм» (Santo), Алматыда «Нобел», «Аврора», Cheminnova Alimor Kazpharm, Rapid-Alimor Pharm Industries, Dosfarm кәсіпорындары бар.
Өндірілген өнімнің ішінде таза дәрінің көлемі — 37,9 миллиард теңге, былтырғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда өндіріс 50,4% артқан. Үш жетекші өңірдің арасында дәрі Шымкентте көп өндірілген.
Басқа фармафевтика препараттары 30,2% көп өндірілді, жалпы көлемі — 2,6 миллиард теңге.
Мамырда елімізде дәрі-дәрмек бағасы былтырғы мамырға қарағанда 6,9% жоғары болды. Препараттар Павлодар облысында бір жылда 9,4%, Ақмола облысында 9,3%, Шымкентте 9,2% қымбаттаған.
Антисептик 16,9%, қызуды басатын дәрі-дәрмек 8,5%, бүйрекке арналған препараттар 7,4% және антибиотиктер 7,3% қымбаттады.